Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанындағы” Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны ” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2024 жылғы 18 қыркүйекте Астана қаласының Есіл өзеніне 250000 (екі жүз елу мың) дана мөлшерінде сазан(тұқы) жасын балықтандыру бойынша қызмет көрсетеді, “Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті” республикалық мемлекеттік мекемесі мен “Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны”мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны арасында жасалған 2024 жылғы 22 сәуірдегі №355 Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес.

 Балық аулау орны – Астана қаласы, Тұран көшесі, 2/1, сағат – 14.00.