💬💬Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған – Конституциялық комиссия

Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

•⁠ ⁠Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалған. Білімнің зайырлы болуы көпконфессиялы қоғам үшін жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл тұжырым қоғамдағы отбасы институтының маңызын көрсетеді. Сондықтан мұндай қағидатты орынды деп ойлаймын, – деді А. Балаева.

ℹ️ @qazaqparat_kz