Зеренді ауданында «Зеренді көмір» ЖШС еңбек ұжымы алдағы жалпы халықтық референдумды қолдайтынын ресми түрдемәлімдеді. Өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлері отандастарын бірліктанытып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Кәсіпорын ұжымы конституциялық реформалар ұзақ мерзімді тұрақтылық пен экономикалық өсімнің берік негізі болатынына сенімді. Олардың пікірінше, референдумға қатысу – әрбір азаматқа әділетті мемлекет құруға және еңбек адамының мүддесін қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

«Зеренді көмір» ЖШС басшысы Жалғас Шаяхметов бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті:
«Біздің ұжым әрқашан тұрақтылық пен адалеңбекті жоғары бағалайды. Біз референдумды қолдаймыз, себебі елге заң үстемдігін қамтамасыз ететін әрі барша азаматқа тең мүмкіндік беретін сапалы өзгерістер қажет. Бұл– балаларымыздың болашағына салынған инвестиция және туған жеріміздің өркендеуінің кепілі. Бүгін әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауы аса маңызды», – деді Жалғас Шаяхметов.

Еңбек ұжымы елдің мықты болуы тек бірлік пен жасампаздыққа негізделген ұстаным арқылы жүзеге асатынын атап өтті. «Зеренді көмір» ЖШС қызметкерлері өздерінің азаматтық борышын орындап, дауыс беруге қатысуға толық дайын екендерін білдірді.

Ұжымдық үндеуде энергетика және көмір саласында еңбек ететін әрбір жұмысшының дауысы Зеренді ауданы мен бүкіл елдің тұрақты болашағына қосылған маңызды үлес болатыны айтылды.