Аршалы ауданындағы «АрШпал» акционерлік қоғамының ұжымы Жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумды қолдайтынын білдірді. Теміржол инфрақұрылымына қажетті шпал өндірумен айналысатын кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады.
Бүгінде «АрШпал» АҚ тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, өндірістік саланың дамуына үлес қосып келеді. Кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылып, өнім сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ұжым мүшелері конституциялық реформалар экономиканың түрлі салаларын жаңғыртуға, кәсіпкерлік ортаны дамытуға және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.
Кәсіпорын басшысы Серік Күзенбаев:

«Өндіріс саласында тұрақтылық пен нақты ережелердің болуы өте маңызды. Біз алдағы референдумды қолдаймыз, себебі ол еліміздің құқықтық негізін нығайтып, экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді.
Аршалы ауданының еңбек ұжымдары елдегі маңызды өзгерістерге жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.