Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды дайындау және өткізу барысын бақылау нәтижелері туралы хабардар етті. Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше 7 мемлекеттен аккредиттелген 17 бақылаушы жұмыс істеді. «Миссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін атап өтеді. Миссия референдумның заңдылығына күмән келтіретін немесе оның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін ұлттық заңнама нормаларының бұзылуын тіркеген жоқ. Миссия республикалық референдумды ашық, сенімді және демократиялық деп таниды. Миссия референдум Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам болды деп есептейді. Біздің миссия жұмысының қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылданды, ол миссияның барлық мүшелері тарапынан мақұлданды. Мәлімдеме мәтіні белгіленген тәртіппен Орталық референдум комиссиясына жолданып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», – деді спикер. Дереккөз: ortcom.kz
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Последние новости
- Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалықбайланыс желісін іске қосты
- Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
- Президент Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр
- 🇰🇿🇮🇱Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу
- 🇰🇿🇮🇱Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді
Архив
- October 2026
- September 2026
- August 2026
- July 2026
- June 2026
- May 2026
- April 2026
- March 2026
- February 2026
- January 2026
- December 2025
- November 2025
- October 2025
- September 2025
- August 2025
- July 2025
- June 2025
- May 2025
- April 2025
- March 2025
- February 2025
- January 2025
- December 2024
- November 2024
- October 2024
- September 2024
- August 2024
