23 наурызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде «Тазару күніне» орай эко-шаралар өтеді.
Табиғи аумақтар мен қоғамдық орындарды тазалау, су көздерін ретке келтіру және ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.
Барша азаматтарды қоршаған ортаны қорғауға атсалысып, экологиялық жауапкершілік танытуға шақырамыз.
