Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Президент елде алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін атап өтті.
«Кейбір адамдар қайырымдылық үшін ақша жинаған болып, оны жеке мақсаттарына пайдаланып жүр. Сондай-ақ интернет-алаяқтардан зардап шегушілер көбейіп барады», – деді Мемлекет басшысы.
Президент жалған психологтар мен коучтардың белсенді түрде таралуына алаңдаушылық білдірді:
«Оларға сеніп, алданған азаматтар аз емес. Бұл жөнінде маған көптеген шағымдар түсуде».
Мемлекет басшысы тиісті органдарға бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.