Бүгін Зеренді ауданы сайлау учаскелерінде ерекше атмосфераны аға буын өкілдері қалыптастыруда.
Ак жаулык жамылган ажелер сабырлы даналыкпен, зор абыроймен өз азаматтык борышын орындау үшін келуде. Олардың көбі бірге келіп, бірдей камзолдар мен ак жаулыктарын киіп, өзара бірлігін, татулығын және дәстүрге деген құрметін көрсетті.
Ерекше сәттердің бірі – олардың баян сүйемелдеуімен ән айтып келуі болды. Бұл көрініс сайлау учаскелерін жылылыкка, көтеріңкі көңіл күйге және халықтық дәстүр рухына бөледі. Олардың дауыстары мен таныс әуендері мерекелік атмосфера қалыптастырып, бірліктің күшін еске салады.
Олар үшін дауыс беру тек кана құқық емес, ол Отанға деген сүйіспеншілік пен оның болашағына жауапкершілікке негізделген өмірлік ұстаным. Ұзақ өмір жолынан өтіп, ұрпақ тәрбиелеген ажелер өз үлгісі арқылы жас буынға ел тағдырына бейжай қарамаудың маңызын көрсетеді.
Ак жаулык – даналыктын, таза ниеттің және ак батанын белгісі. Ажелердің дауыс беруге қатысуы – ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі және Қазақстанның болашағына деген шынайы қамқорлық.
