«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтті. Онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан өңірлерін дамытуға қатысты ұсыныстарды талқылады. Жиынның негізгі тақырыптары аймақтар арасындағы айырмашылықты азайту, инвестиция тарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту, экология және энергетика мәселелеріне арналды. Сессия барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы өңірлік даму мәселелерін бүгінде тек экономикалық көрсеткіштер арқылы ғана емес, қабылданған шешімдердің халықтың күнделікті тұрмысына қаншалықты оң әсер етіп отырғаны тұрғысынан да бағалау қажет екенін атап өтті. «Өңірлердің дамуын тартылған инвестиция көлемімен немесе жүзеге асқан жобалар санымен ғана емес, әрбір қала, аудан мен ауылдағы тұрғындардың өмір сүру сапасының нақты жақсаруымен бағалау маңызды», – деді ол. Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев өңірлердің дамуындағы теңсіздікті қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі аясында елді мекендердің инфрақұрылымдық нысандармен және қызметтермен қамтылу деңгейі 68 пайызға жеткен. Дегенмен қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де байқалады. Бұл инфрақұрылымды одан әрі дамытып, базалық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді. Пікірталас барысында қатысушылар өңірлердің тең дәрежеде дамуына ықпал ететін қосымша тетіктерді талқылады. Ulagat Consulting Group директоры Марат Қайырленов өңірлерге инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Ал Қарағанды облысы басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының төрайымы Ирина Юртанова тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Басқосу барысында ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, сондай-ақ экология мен энергетика саласындағы өзекті мәселелерге де ерекше назар аударылды. Жиынды қорытындылаған Рауан Кенжеханұлы мемлекеттік өңірлік саясаттың басты өлшемі оның нақты нәтижесі болуы тиіс екенін атап өтті. Сессияға қатысушылар түскен ұсыныстарды жинақтап, оларды өңірлік саясатты жетілдіру мәселелерін талқылау барысында қарастыру туралы келісімге келді. Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegramарнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy press@adilet-partiyasy.kz
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Последние новости
- «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады
- Жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысына екі миллионнан астам турист келеді деп күтілуде
- Өңірлер қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды
- Мүлік салығы: ақмолалықтарға төлем мерзімі ескертілді
- Ақмола астығы жаңа нарықтарға жол ашуда: өңір АӨК пен терең өңдеуді қалай дамытуда
Архив
- September 2026
- August 2026
- July 2026
- June 2026
- May 2026
- April 2026
- March 2026
- February 2026
- January 2026
- December 2025
- November 2025
- October 2025
- September 2025
- August 2025
- July 2025
- June 2025
- May 2025
- April 2025
- March 2025
- February 2025
- January 2025
- December 2024
- November 2024
- October 2024
- September 2024
- August 2024
