Нышанбай Сүйінбай Қарынтайұлы – көп балалы әке. Ол өз кәсібін ашуды армандап, мемлекет ұсынған қайтарымсыз грант бағдарламасы аясында 1 572 800 теңге көлемінде қолдауға ие болды. Осы қолдаудың арқасында «Жиһаз шеберханасы» жобасын жүзеге асырып, өз ісін бастады.
Бүгінде Нышанбай жеке кәсіпкер ретінде сапалы жиһаз өндіріп, тұрғындардың тапсырысын орындап келеді. Мемлекеттік қолдау оның арманының орындалуына, жаңа жұмыс мүмкіндіктерін жасауға және отбасының әл-ауқатын жақсартуға жол ашты. Қазір оның шеберханасы өңірдегі шағын кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде.
