«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысы Полиция департаментінің «Cyberpol» қызметкерлері Щучинск қаласының тұрғындарына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Бүгін тәртіп сақшылары «Бурабай Арена» кешеніне барып, интернет-алаяқтардың үнемі жаңа алдау тәсілдерін ойлап тауып, өз әрекеттерін тоқтатпайтынын тұрғындардың назарына салды.

✅ Ешкімге SMS арқылы келген растау кодтарын, банк картасының деректерін, CVV-кодын және құпиясөздерді хабарламаңыз.

✅ Банктердің, полицияның және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы немесе мессенджерлерде мұндай ақпаратты сұрамайды.

✅ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және тез әрі оңай табыс табу немесе аса тиімді инвестициялар туралы уәделерге сенбеңіз.

✅ Қандай да бір қаржылық шешім қабылдамас бұрын, асықпай ақпараттың дұрыстығын тексеріңіз. Банкке немесе жақындарыңызға жасалған бір ғана телефон қоңырауы сізді үлкен қаржылық шығыннан сақтап қалуы мүмкін.

☎️ Егер интернет-алаяқтық әрекетіне тап болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

📣 Ақмола облысы Полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға, жеке деректерін қорғауға және жақындарын сақ болуға шақырады. Қаржылық қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

заңментәртіп