«Конституция – әділетті қоғамның негізі»
Зеренді ауданының Билер алқасы мүшелерінің қатысуымен «Конституция – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында қоғамдық талқылау өтті.
Жиын барысында аудандық билер алқасының бас биі С.Баймурзин қоғам өміріндегі Конституцияның маңызы, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.
Қатысушылар Конституция – елдің тұрақты дамуының, қоғамдық келісім мен азаматтардың өзара жауапкершілігінің берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Билер алқасының мүшелері өз пікірлерін білдіріп, әділетті қоғам құруда әр азаматтың заңды құрметтеуі және қоғамдық жауапкершілікті сезінуі маңызды екенін атап өтті.
Талқылау барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Конституцияның қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.