«Әділет» партиясы Зеренді аудандық аумақтық филиалының төрағасы Қ.Ауғалиев қоғамдық кеңес мүшелерімен және аудандық мәслихат депутаттарымен «Конституция – азаматтар құқықтарының кепілі» атты тақырыбында қоғамдық талқылау өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, заң үстемдігі мен құқықтық мемлекетті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар Конституцияның әрбір азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы негізгі құжат екендігін атап өтіп, елдегі қоғамдық тұрақтылықты, әділеттілік пен бірлікті сақтаудағы маңызы жөнінде пікір алмасты.