Қауіпсіз демалыс – балалар қауіпсіздігі басты назарда
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Жас дәурен» балалардың білім беру-сауықтыру орталығында «Балалар лагерьлеріндегі қауіпсіз демалыс» акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Акция барысында балаларға судағы қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы талаптары және қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар құқық бұзушылық жасаған жағдайда көзделген жауапкершілік туралы айтылып, өз құқықтары мен айналасындағы адамдардың құқықтарын құрметтеудің маңыздылығы талқыланды.
Мамандар балалармен қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын еске түсіріп, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарына назар аударды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
«Қауіпсіз демалыс» акциясы балалардың жазғы уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуімен қатар, қауіпсіздік талаптарын сақтап, заң мен қоғамдық тәртіпті құрметтеуіне бағытталды.
Балалардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Сондықтан жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

