«Еліміздің 20 өңірінде 20 креативті хаб жұмыс істейді»

Креативті даму қорының Таланттарды және жобаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры Алмас Сағынұлының айтуынша, еліміздің өңірлеріндегі креативті хабтар қарқынды жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар «Креативті аймақ» жобасы әр өңірде жүзеге асырылып жатқан бірегей әрі қызықты жобаларды таныстырып, олардың әлеуетін көрсетіп келеді. Сондай-ақ ол 20 өңірдің барлығында креативті хаб жұмыс істейтінін атап өтті.