Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы Ақтау қаласындағы мешітке барып, жұма намазы кезінде Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу барысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сөз етті.

Бас мүфти қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен ет жақын бауырларына көңіл айтып, ауруханаға жатқан азаматтарға шипа тіледі.

«Бұл еліміз үшін үлкен сынақ. Бірігіп, бірге осы сынақты жеңейік», деді Бас мүфти.