🇰🇿 Оралда қоғамдық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері талқыланды
14 қазанда Батыс Қазақстан облысында «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп және әдет» тақырыбында республикалық форум өтті. Жиынға мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді әйелдер мен сарапшылар қатысты.
Форум барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасылық тәрбиені нығайту, жастардың бойында жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ана тілді құрметтеу, салт-дәстүрді дәріптеу, үлкенге ізет көрсету және білімге ұмтылудың маңыздылығы атап өтілді.
Қоғамда адалдық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруда «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттарының орны ерекше. Бұл құндылықтар әр азаматтың күнделікті іс-әрекетінен көрініс табуы тиіс.
🤝 Осындай кездесулер қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ел бірлігі мен ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Ұлттық құндылықтарды сақтау, адал болу және ел болашағына жауапкершілікпен қарау — әр азаматтың міндеті! 🇰🇿

