🇰🇿 Қазақстанның соңғы 7 жылдағы өнеркәсіптік серпілісі!

Осы уақыт ішінде елімізде жалпы құны 8,7 трлн теңгені құрайтын 1 226 өнеркәсіптік жоба іске қосылып, 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.
🏭 Өңдеу өнеркәсібіне 5,9 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Қазақстанда автобус, трактор және автокөлік өндірісі кеңеюде.
🚀 Биыл тағы 200 жобаны іске қосып, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Қазақстан өнеркәсіпті дамытып, экономикасын нығайту жолында сенімді қадам басуда! 🇰🇿