Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда 130-дан астам этнос өкілдері бейбіт өмір сүруде. Осыған орай этносаралық татулықты сақтау мен нығайту – біздің басты стратегиялық бағытымыз.
Этносаралық қатынастарды дамыту үшін бірнеше негізгі қағидаттарға сүйену қажет. Біріншіден, барлық этностардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу маңызды. Бұл – өзара сенім мен түсіністіктің негізі.
Екіншіден, тілдік және мәдени әртүрлілікке құрметпен қарау – этносаралық үйлесімділікті нығайтады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды бірегей институттар осы бағытта үлкен жұмыс атқаруда. Және де оның нәтижелері де жоқ емес.
Үшіншіден, жастар арасындағы толеранттық пен азаматтық бірегейлікті қалыптастыру – болашақтағы тұрақтылық кепілі. Мектептер мен ЖОО-ларда этносаралық мәдениет пен патриотизмді насихаттау – маңызды қадам.
Елімізде достық, ынтымақтастық ұғымдары мәңгілік орнай берсін!
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
