Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалықбайланыс желісін іске қосты

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін суастыталшықты-оптикалық байланыс желісін тартып, өз телекоммуникация жүйелеріналғаш рет өзара байланыстырды. Жобаның салтанатты іске қосылуына ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ӘзербайжанРеспубликасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты. Жаңа инфрақұрылым Азия мен Еуропа арасында деректер жеткізетін қосымша бағыт ашып, Қазақстанныңхалықаралық цифрлық транзиттегі рөлін күшейтеді.

Транскаспий ТОБЖ-сі Қазақстанның Қытайға шығатын құрлықтағыжелілерін Әзербайжанның инфрақұрылымымен, ары қарай Кавказ бен Еуропажелілерімен тоғыстырады. Осылайша, халықаралық трафикті өткізу мүмкіндігінкеңейтетін және қолданыстағы байланыс арналарын сақтандыратын жаңа бағытқалыптасады.

Бұл желінің іске қосылуы Қазақстан үшін халықаралық байланысорнықтылығының артуын және ғаламдық желіге шығу бағыттарыныңәралуандығын білдіреді. Балама маршруттың болуы байланыс операторларынадеректер ағынын икемді бөлуге және жекелеген бағыттарға тәуелділікті азайтуғажол ашады. Ал аймақ үшін жоба халықаралық цифрлық инфрақұрылымғақосылудың және Азия мен Еуропаның ірі нарықтары арасындағы транзиттідамытудың қосымша мүмкіндіктерін жасайды.

Суасты кабеліне 64 оптикалық талшық орналастырылған. Желінің жобалықөткізу қабілеті 400 Тбит/с-тан асады. Бұндай қуат қоры деректер тасымалынарттыруға және жоғары жылдамдық пен сенімді байланысты талап ететінсервистерді дамытуға берік негіз болады.

Сонымен қатар жаңа бағыт Қазақстанда деректер өңдеу орталықтарын(ДӨО), бұлтты платформаларды және жасанды интеллектке арналған есептеуқуаттарын орналастыру мүмкіндігін арттырады. Халықаралық технологиялықкомпаниялар үшін сыйымды байланыс арналарының болуы мен сигнал кідірісініңтөмендігі — алаң таңдауда және шетелдік клиенттерге қызмет көрсетуде бастышарттардың бірі. Уақыт көрсеткіштеріне сүйенсек, Ақтау — Ыстанбұлбағытындағы сигнал кідірісі небәрі 34 миллисекундты құрайды.

Халықаралық байланыс деңгейін арттыру Қазақстанға деректер транзитінарттырып қана қоймай, оларды сақтау мен өңдеу бойынша дербес қызметтерін де дамытуға жағдай жасайды. Бұл отандық технологиялық компаниялардың сыртқынарықтарда жұмыс істеуіне жол ашып, елдің цифрлық инфрақұрылымғаинвестиция тарту тартымдылығын арттырады.

Болжамға сәйкес, жаңа бағыттың арқасында транзиттік трафик көлемі екіеседен астам өсіп, таяу жылдары 21,6 Тбит/с-қа жетуі мүмкін.

2025 жылы белсенді жұмыстар басталғаннан кейін желіні іске қосқанға дейінекі жылдан аз уақыт өтті. Жобаны жүзеге асыру үшін теңізде зерттеулержүргізіліп, маршрут кеме қатынасы, әскери және мұнай-газ қызметініңерекшеліктері ескеріле отырып келісілді, сондай-ақ Каспий теңізінің түбінекабель төсеудің техникалық күрделі жұмыстары орындалды.

Каспий теңізі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісінің іскеқосу – екі ел президенттерінің қолдауымен жүзеге асқан ортақ жоба жәнеҚазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудыңнақты дәлелі.