Өзге этностар арасындағы шынайы татулық – бір-біріміздің ұлттық тағамынан дәм татып, мерекесіне ортақтасудан басталады десем артық айтқандық емес. Достық дастарханы – этносаралық қатынастарды нығайтудың ерекше символы. Осындай қарапайым, бірақ шынайы қадамдар ел ішінде сенімділік пен құрмет орнатады. Бұл – менің басымнан өтіп жатқан жайт. Патронатты ана ретінде өзге ұлт балаларын тәрбиелеу барысында мен балаларыма ең алдымен осыны ұқтырдым. Бір дастархан басында біз достықты, өнегені, ағалы-інілі қолдаймыз деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да әр отбасында, әр жүректе достық, бауырмалдық деген сезімдер күшейе берсін деп тілеймін.
Г.Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы