Этностар арасындағы келісім – ұлт болашағының кепілі. Тек заңмен емес, жүрекпен құрметтегенде ғана шынайы достық қалыптасады. Біз әртүрлі болуымыз мүмкін, бірақ Отанымыз – ортақ, болашағымыз – бір. Түсі бөлек болғанмен, тілегі бір болатыны секілді, өзге ұлттармен ауызбіршілік, түсіністік секілді басты ұғымдарды жанымызға ту етеміз. Этносаралық қатынаста ең бастысы – ниет. Адамдар бір-біріне ашық, әділ әрі мейірімді болса, айырмашылықтар кедергі емес, керісінше көпірге айналады. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әр ұлт – бір үлкен шаңырақтың тең қадірлі уығы деп білемін.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
