Бүгінгі таңда бірлік пен ынтымақтастық – кез келген қоғамның алға дамуының басты шарты. Біз – көпұлтты, көптілді елде өмір сүріп жатқан халықпыз. Осы байлығымызды сақтау, әртүрлі этнос өкілдерінің өзара түсіністікте өмір сүруін қамтамасыз ету – ортақ міндетіміз екендігін білеміз. Ауызбіршілік болған жерде – дау аз, даму көп. Ынтымақ бар жерде – татулық, бейбіт өмір орнайды. Сондықтан да біз әрқашан өзара сыйластық пен түсіністікті, қолдау мен татулықты, ауызбіршілікті жоғары қоямыз. Бұл – ұрпаққа қалдырар асыл мұраның бірі. Өз ұжымымызда өзге ұлт өкілдері жұмыс жасайды, әркімнің өз дәстүрі, тілі мен мәдениеті бар. Біз барлығымыз бір тілде – сыйластық пен достық тілінде сөйлейміз. Себебі – достық пен бірлік ұғымы – біз үшін басты құндылық.
Л.Адилова – Зеренді аудандық ауруханасының фельдшер-лаборанты