🇰🇿🇰🇭Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.