«Astana Hub стартаптардың дамуына үлес қосып жатыр»
Astana IT университетінің ассистент-профессоры, PhD Айнұр Сләмғажының айтуынша, Astana Hub еліміздегі стартаптардың дамуына қолайлы экожүйе қалыптастырды. Сондай-ақ оның нәтижесін де көріп отырмыз.
«Astana Hub-тың шетелдік университеттермен серіктестігін де ерекше атап өткім келеді. Соның нәтижесінде инвесторлардың алдында жобаларды таныстыруға мүмкіндік пайда болып жатыр», – деді ол.
«Жасампаз ұлт» подкастының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында: https://youtu.be/MOYNKdL3H0I

