🌿 Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлік апталығы басталды.
Іс-шара Арал өңірінің табиғатын сақтау мен экожүйесін қорғауға бағытталған. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен, БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында ұйымдастырылды.
Апталыққа Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өңірлерінен 100 волонтер, сондай-ақ 500-ден астам студент пен жас ерікті қатысты.
🌱 «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатысушылар Қызылордадағы Президент саябағына ағаш көшеттерін отырғызды.
20–23 қазан аралығында Арал ауданында экологиялық акциялар, сексеуіл отырғызу, танымдық кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізіледі.
🤝 Бастама экологиялық жауапкершілікті арттыруға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

