Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бейбіт өмір сүруінде жатыр. Бұл – ұлтқа, дінге, тілге бөлінбей, ортақ құндылықтар аясында біріге білудің үлгісі. Ел ішіндегі тұрақтылық пен достық қарым-қатынас – тек тарихи мұра ғана емес, қазіргі заманның да басты талабы деп білемін. Әрбір азамат қай ұлт өкілі болса да, өзіне тең көзқарас танытылып, оның мәдениеті мен дәстүрі құрметтелсе, ол қоғамның дамуына сеніммен үлес қосатынына сенімдімін. Мұндай ұстаным әсіресе жастар арасында кеңінен насихатталып жатыр. Себебі өскелең ұрпақтың бойында өзге ұлт өкілдеріне деген ашықтық пен құрмет қалыптасса, болашақта этносаралық түсініспеушілікке орын қалмайды деп ойлаймын. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, “Өзге болсаң да – дос бола аламыз” деген ұстаным – қоғамдағы үйлесімділік пен тұрақтылықтың берік негізі. Бұл – ұлтымыздың кеңпейілдігі мен көпэтносты Қазақстанның басты байлығы.
С.Калиева – Зеренді ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы
