Өзге этностар арасындағы шынайы татулық – бір-біріміздің ұлттық тағамынан дәм татып, мерекесіне ортақтасудан басталады десем артық айтқандық емес. Достық дастарханы – этносаралық қатынастарды нығайтудың ерекше символы. Осындай қарапайым, бірақ шынайы қадамдар ел ішінде сенімділік пен құрмет орнатады. Бұл – менің басымнан өтіп жатқан жайт. Бір шаңырақ астында, дастархан басында біз достықты, өнегені, бауырмашылдықты қолдаймыз деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан да әр отбасында, әр жүректе достық, бауырмалдық деген сезімдер күшейе берсін деп тілеймін.
К.Балмағамбетова – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты
