Қазіргі заманда әртүрлілік сәнге айналды, бірақ біз үшін бұл жай сән емес – бұл өмір сүру салтымыз деп білемін. Бір шаңырақ астында достық жырын жырлап келе жатқан азаматтарымыздың ниеті де ақ. Қазақстандағы этносаралық татулық – терең тамырлы тарих пен парасатты саясаттың нәтижесі. Біз осы құндылықты күнделікті әрекетімізбен дәлелдеп келеміз. Себебі біз татулықты, достықты жүрегімізде мәңгілік сақтайтын ұрпақтың біріміз.
Г.Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
