Көпұлтты Қазақстан халқы бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – ата-бабамыздың бізге аманаттаған асыл мұрасы, оны сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Бүгінгі бейбіт өміріміз, елдің өркендеуі – бірліктің арқасы. Біз, ардагерлер, әрдайым жастарға үлгі болып, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайтуға атсалысамыз. Тамырымыз бөлек болса да, жүрегіміз бір, Отанымыз ортақ.

Келешек ұрпақ бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, еліміздің абыройын асқақтата берсін!

О. Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы