Біз үшін әр баланың амандығы, әр отбасының тыныштығы – бәрінен маңызды.

Түрлі ұлттың перзенттері бір-бірімен бауыр болып, бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқанын көру – үлкен қуаныш. Бұл – ата-бабамыздың аманаты, біздің ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрамыз.

Аналар ретінде біз бірлік пен татулықты сақтауға, оны жас ұрпаққа үйретуге міндеттіміз. Себебі бейбітшілік – әр үйдің, әр жүректің шамшырағы.

Г. Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы