🇰🇿 2027 жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялау ұсынылды!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді.

🏗️ Бұл бастама елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға, құрылыс саласын дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Жолдар, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту – өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.

📈 Құрылыс саласының дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық кәсіпорындарды қолдауға және ел экономикасының тұрақты өсуіне мүмкіндік береді.

🇰🇿 Ел болашағын бірге құру – баршамызға ортақ міндет!