🇰🇿 Жасанды интеллект – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру құралы!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару жүйесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
🤖 Заманауи цифрлық шешімдер бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге, орынсыз шығындардың алдын алуға және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
📊 Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қаржылық үдерістерді талдау, тәуекелдерді ерте анықтау және ресурстарды тиімді жоспарлау мүмкіндіктері кеңейеді.
Мұндай технологияларды жауапкершілікпен енгізу мемлекеттік қаржыны басқару сапасын жақсартуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
🇰🇿 Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – тиімді, ашық әрі заманауи Қазақстанды қалыптастырудың маңызды негізі!

