Зеренді жерінде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті, бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Бұл – ата-бабамыздан қалған аманат, ұрпаққа үлгі болатын қастерлі құндылық.
Келісім мен достық – тек мерекелік ұран емес, күнделікті өміріміздің негізі. Біз әр ұлттың салт-дәстүрін құрметтеп, мәдениеті мен тілін сыйлаған сайын, ортақ Отанымыздың тұтастығы мен қуаты арта түседі. «Тамырың терең болса, діңгегің мықты болады» дейді халық даналығы. Сол сияқты, түрлі тамырдан шыққанымызбен, бізді біріктіретін біртұтас мақсат – Қазақстанымыздың өркендеуі.
Бірліктің, бейбітшіліктің, өзара құрмет пен сенімнің арқасында біз кез келген қиындықты еңсереміз. Біздің басты парызымыз – осы татулықты сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізу
О. Бекішев, Зеренді ауданы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
