🇰🇿 Халықтың табысын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту және инфляциямен жүйелі күресу қажеттігін атап өтті.

📈 Азаматтардың нақты табысын арттыру, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың сатып алу қабілетін сақтау – экономикалық саясаттың маңызды бағыттары.

Инфляцияны төмендету үшін тиімді қаржы-экономикалық шараларды жүзеге асыру, отандық өндірісті дамыту және нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.

📊 Экономикалық өсімнің нәтижесі әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс.