Қазақстанда әртүрлі мәдениет, тіл, дәстүр бар, бірақ бәрімізді біріктіретін – ортақ Отанымызға деген сүйіспеншілік.
Волонтерлік жұмыс барысында мен түрлі ұлт өкілдерімен бірге талай шараға қатыстым. Біз бірге жұмыс істегенде ұлттың, тілдің, діннің айырмашылығы маңызды болмай қалады – бастысы, мақсатымыз бір. Сол мақсат – елге пайда әкелу, адамдарға көмектесу, бейбітшілікті сақтау.
Мен достық пен келісім – еліміздің ең үлкен жетістігі деп білемін. Бірлігіміздің арқасында біз кез келген қиындықты жеңе аламыз. Жастар ретінде біздің міндетіміз – осы татулықты бағалау және оны келесі ұрпаққа жеткізу
Жанна Абдрахманова – волонтер
