Бұл алуан түрлілік – еліміздің ең үлкен байлығы әрі мақтанышы. Дегенмен, осындай сан түрлі халықтың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – татулық пен өзара құрметтің арқасы.
Жастар – біздің қоғамымыздың қозғаушы күші. Біз жастарға достық пен келісімді сақтаудың, әр түрлі мәдениеттерді құрметтеудің маңыздылығын үнемі түсіндірумен айналысамыз. Волонтерлік, қоғамдық және мәдени іс-шаралар арқылы жастар арасында ұлттық және рухани бірлікті нығайтуға тырысамыз.
Біз әрдайым жастарды бірігіп, ортақ мақсаттар үшін жұмыс істеуге шақырамыз. Өйткені еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі – тек бірлік пен татулықтың нәтижесі. Жастар орталығының басты миссиясы – осы құндылықтарды бойға сіңіріп, оны болашақ ұрпаққа аманаттау.
Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың бірлігінде, ынтымақтастығында және өзара құрметінде. Сондықтан да біз әрдайым татулықты нығайтуға, достықты дамытуға және келісімді сақтауға барымызды саламыз
Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
