Осында өмір сүріп жатқан әр халықтың тілі мен дәстүрі, салты мен әдеті – бәрі біздің ортақ байлығымыз. «Татулық – елге береке, бейбітшілік – жерге мереке» деп бекер айтылмаған.
Мен, ардагер ретінде, ел тарихындағы талай сын сағаттарды көрдім. Сол кезеңдерде бізді бір шаңырақ астында ұстап тұрған күш – халықтар достығы мен бірлігі болды. Бірлік бар жерде ғана біз кез келген қиындықты еңсердік. Елбасының «Біздің күшіміз – бірлікте» деген сөзі – әр қазақстандықтың жүрегінде жазулы болуы тиіс.
Бүгінгі таңда біз татулық пен ынтымақтастықты сақтап, оны келер ұрпаққа аманаттауымыз керек. Халықтар арасындағы өзара сыйластық – біздің бейбіт өміріміздің кепілі.
О. Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
