Мен зейнет жасына жеткенше талай жылдар бойы түрлі ұлт өкілдерімен қатар еңбек еттім, бір дастарқан басында дәм бөлістім. Тіліміз, дініміз бөлек болса да, жүрегіміз әрдайым бір болды.
Бүгінгі бейбіт күніміз – сол татулық пен өзара құрметтің жемісі. Халықтар бірлігі – жай ғана сөз емес, ол – біздің өмір сүру салтымыз, болашағымыздың кепілі. Бүгінде елімізде бәріміз бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Ең бастысы – осы бірлікті жоғалтпай, оны келер ұрпаққа аман жеткізу.
Қ.Албаев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
