Бірге күліп, бірге еңбек етіп, бір-бірімізден үйренеміз. Сол кезде түсінемін – біздің күшіміз әртүрлілікте, ал байлығымыз – бірлікте.

Қазақстан – көп ұлтты үлкен отбасы. «Тату елге тыныштық пен береке қонады» дейді халқымыз. Біз, жастар, аға буын қалыптастырған достық пен өзара сыйластықты жалғастыруымыз керек.

Мен үшін халықтар бірлігі – тек мерекеде айтылатын ұран емес, күнделікті өмірдің бір бөлігі. Бір-бірімізді құрметтеп, көмектесіп, бірге алға жылжу – нағыз қазақстандық қасиет.

Жанна Абдрахманова – волонтер