Біз түрлі этнос өкілдерімен тығыз байланыста боламыз: бірге волонтерлік жобалар атқарамыз, мәдени іс-шаралар ұйымдастырамыз, спорттық жарыстарға қатысамыз. Осы сәттерде ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің әртүрлі болғанына қарамастан, мақсатымыздың ортақ екенін көреміз.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген дана сөзді біз өз тәжірибемізден сезініп келеміз. Қазіргі бейбіт күннің қадірін біліп, оны сақтап қалу – біздің парызымыз.
Жастар үшін халықтар бірлігі – тек тарихтан алынған сабақ емес, ол – күнделікті өміріміздің басты ұстанымы. Біз достық пен татулықты бағалап, оны келер ұрпаққа жеткізуге дайынбыз.
Данияр Жетпісов- Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
