Себебі отбасының берекесі де, елдің тыныштығы да ананың жүрегінен басталады. Өзім талай жыл бойы түрлі ұлт өкілдерімен араласып, бір дастарқан басында қуаныш пен қиындықты бөлістім. Сол тәжірибемнен түйгенім – ұлттың бөлігі бөлек болғанымен, ниетіміз ортақ, жүрегіміз бір.

Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі мықты ел озады» деген сөз бар. Бүгінгі таңда елімізде әр этнос өз мәдениетін, тілін сақтай отырып, ортақ Отанымызды құрметтейді. Бұл – біздің ең үлкен байлығымыз.

Аналар ұрпаққа тек өнеге ғана емес, бейбітшілік пен достық аманатын қалдыруы тиіс. Осы татулықты көздің қарашығындай сақтай білсек, болашағымыздың іргесі берік болады.

Г. Ибраева, Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы