Жастар көшбасшысы ретінде түрлі жобаларда, форумдарда, еріктілік шараларда әр ұлт өкілдерімен бірге жұмыс істеймін. Сол кезде түсінемін: бізді біріккен мақсат, ортақ болашақ идеясы біріктіреді.
Біздің елімізде әр этнос өз мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, ортақ құндылықтар төңірегінде тоғысады. «Тату елге тыныштық пен береке қонады» деген сөз – бүгінгі шындығымыз.
Менің ойымша, халықтар бірлігі – жай ғана ресми ұғым емес, ол күнделікті қарым-қатынас мәдениеті, бір-бірімізге деген сыйластық пен сенім. Осыны сақтай білсек, болашағымыз жарқын болады
С.Калиева-ерікті
