Әрқайсысының тілі, дәстүрі, мәдениеті ерекше болғанымен, бәріміз ортақ үйіміз – Қазақстанды құрметтейміз.

Күнделікті өмірде бір-бірімізге қолдау көрсету, түсіністікпен қарау – бейбітшіліктің негізі. Бұл – елдің дамуына, қоғамның тұрақтылығына жол ашады.

Бүгінгі ұрпақ осы ынтымақты бағалап, оны сақтап, келер буынға жеткізгенде ғана болашағымыз жарқын болады.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі