ПРЕЗИДЕНТ МАҚТАУЫН ЕСТІГЕН ПАРАСПОРТШЫ КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРДІ
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев параспортшы Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығы мен табандылығын ерекше атап өтті.
Айсұлу жас кезінде жол апатынан екі аяғынан айырылған. Алайда өмірдің ауыр сынағына мойымай, спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биыл Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден құрлық рекордын жаңартты.
«Президенттің сөзін естігенде басымнан өткен қиындықтардың бәрі көз алдымнан өтті. Жол апаты, өмірімнің күрт өзгергені, спортқа алғаш келген сәтім, ешқашан берілмей, тек алға ұмтылғаным есіме түсті. Сол сәтте көз жасыма ерік бердім», – дейді Айсұлу.

