Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі – бұл кездейсоқ құбылыс емес, мемлекетіміздің саналы түрде жүргізіп келе жатқан келісім мен татулық саясатының нәтижесі деп білемін.

Түрлі мәдениет пен дәстүрдің тоғысуы, өзара сыйластық пен түсіністік – халқымыздың ең қымбат қазынасы. Ұлтаралық келісім бар жерде қоғамдық тұрақтылық сақталады, ал тұрақтылық – экономикалық өрлеу мен әлеуметтік дамудың кепілі.

Сондықтан әрқайсымыз келісім мен татулықты сақтау ісіне үлес қосуымыз керек. Өйткені, бірлік – біздің күшіміз, ал сол бірліктің айқын айғағы – ұлтаралық келісім.
З.Қазияқпарова-Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары