⚖️ Конституция – заң алдындағы теңдіктің кепілі.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте ешкімге артықшылық берілмейтінін атап өтті. Қызметіне, лауазымына немесе мәртебесіне қарамастан, әрбір адам заң алдында бірдей жауапты.
Конституцияда барша азаматтың заң мен сот алдында тең екені нақты бекітілген. Сондықтан «өзіміздікі» немесе «бөтен» деп бөлуге жол жоқ.
Заң талаптары – баршаға ортақ. Әрқайсымыз Конституция мен заңдарды сақтауға міндеттіміз.

