Елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүреді. Біз үшін достық – жай сөз емес, ол – ертеңіміздің берік іргетасы.
Әр ұлттың тілі мен дәстүрін құрметтеу – біздің күшіміз бен байлығымыз. Бір-бірімізді түсініп, қолдай білсек қана елде тыныштық пен тұрақтылық сақталады.
Бейбіт өмір – бәріміздің ортақ жеңісіміз, ал Қазақстанға деген мақтаныш – бәрімізді біріктіретін мәңгілік сезім.
Сандуғаш Калиева- волонтер
