16 қарашадан бастап «Хабар» арнасынан шығатын жаңа «Даму формуласы» жобасы – өзекті тақырыптар ашық талқыланып, түрлі көзқарастар тоғысатын жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу.

Бір алаңда депутаттар, қоғам белсенділері, журналистер, блогерлер мен тәуелсіз сарапшылар бас қосады. Мұнда мәселенің түпкі себептері талданып, нақты шешім жолдары ізделеді.