Қиын кезеңдерді де, қуанышты сәттерді де бастан өткердік. Бірақ бәрінен де қымбат бір нәрсе бар – ол еліміздегі бейбітшілік пен татулық.

Қазақстанда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай өмір сүріп келеді. Бір-біріміздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді сыйлап, бірге еңбек етеміз. Бұл – халқымыздың ең үлкен байлығы.

Мен жас ұрпаққа айтарым: осы бірлікті, осы достықты көздің қарашығындай сақтаңыздар. Ынтымақ бар жерде ғана елдің болашағы жарқын болады. Бейбіт аспан – біз үшін ең үлкен бақыт.

Қ. Албаев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі